Экономика жаңалықтары

06.02.20 Қазақстанда футбол НЕГЕ қымбат?

Телеграм арнасындағы Жемқорлықты зерттеу бюросы Қоры дейтін ұйым қызық мәлімет жарияланды. Шымкент қаласының әкімдігі «Ордабасы» футбол командасына 2020 жылға 6 млрд 250 млн теңге бөліпті. Қор өкілдері мұны мемлекеттік сатып алу реестріндегі мәліметтерге сүйеніп мәлімдеген.

06.02.20 Қазақстанның қанша алтыны бар?

2019 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанның алтын портфеліндегі алтын-валюта қоры 387 тоннаға жеткен. Бұл шамамен 19 миллиард АҚШ долларына тең. Бұл жөнінде Ұлттық банктің телеграм-каналына сілтеме жасап zakon.kz. хабарлады.

06.02.20 Коронавирустан қашқан инвесторлар. Оларды қайтару үшін Қытай АҚШтың аяғына жығылды

Коронавирус Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысын тезірек аяқтайтын фактор болуы мүмкін. Қазір Қытай АҚШтың алдында тізерлеп кешірім сұрап отырған адамды елестетеді. Экономикасынан инвесторлар қаша бастаған айдаһар АҚШтан келетін тауарларға баж салығын екі есе қысқартатын болды 

06.02.20 Азық-түлік бағасы: Сұлтанов әрнені сылтау етіп жүр

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымына қатысты мәліметтер ала-құла. Мәселен, біздегі ресми дерек 2019 жылы екі елдің тауар айналымы 12 млрд долларға жуықтады десе, Қытайдың кеден қызметі бізбен сауда байланысымыз 20 млрд доллардан асатынын мақтанышпен мәлімдеді. Екі елдің ресми мәліметіндегі алшақтық 8 млрд доллардан асады!

05.02.20 Жұмыссыздық. Бәріміз бастық болсақ, зауыттарда кім жұмыс істейді?

Жоғары оқу орнын аяқтап, қолыңа дипломың тиген бойда мамандығың бойынша жұмыс іздей бастайсың.

05.02.20 Тоқаевтың тапсырмасы: Қысқарт, қысқарт және қысқарт!

Президент Тоқаевтың тапсырмасы бюджетті толтыру мен сақтап қалуға жағымды әсер бермек. 2019 жылы қазынадан 1,4 миллиард теңге "жеген" Астана экономикалық форумы биыл бөлек өткізілмейтін болды. АЭФ-ті үкімет Дүниежүзілік сауда ұйымының министрлер форумымен біріктіріп отыр. Одан бөлек Дубайдағы ЭКСПО-ға жұмсалатын қыруар қаржы қысқартылуы мүмкін. Жаңа экономикалық саясат аясында үнемделген ақшаның барлығын қарапайым азаматтардың тұрмысын жақсартуға бағыттауға болады.

05.02.20 Вирус «жұққан» экономика: Біз үшін басты қауіп неге экспорт емес, импорт?

Короновирустан басталған Қытайдағы экономикалық дағдарыс Қазақтанға кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Біздің ішкі жалпыұлттық өнімімізде Қытайдың кем дегенде 5 пайыз үлесі бар екенін ұмытпау керек. Бірақ, ақпарат құралдары мен оларға түсініктеме берген сарапшылар қауіпті мұнай экспортының тоқтауынан күтетіні дұрыс па? Біз үшін басты қауіп Қытайдан келетін импорт көшінің тоқтауында жатыр.

05.02.20 Табыстың қанша пайызы азық-түлікке жұмсалады?

Қазақстандықтар табысының 44,9 пайызын азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсайды.