Экономика жаңалықтары
Көктемнің алғашқы күндері - сарапшылардың "теңге құлай ма?" деген біркелкі сарындағы прозаларынан басталды. Коронавирустың лаңы мұнай секторын тізерлетіп, Қытайдағы өндірісті тұралатқаны да отқа май құйып отыр
ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда медициналық маска бағасы көтерілуі мүмкін деп санайды
ҚР АШМ мемлекеттік инспекторлары 1 210 кг қауіпті мандаринді тәркілеп, зиянды жемістер экополигон аумағында өртелді.
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттегі айырбас қосындарында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді, деп хабарлады Kurs.kz
Бұған дейін банктерді құтқаруға 400 млрд теңгеден кем емес сома қажет деп болжанып келген еді
Өгізге туған күн, бұзауға да туа ма? Рубльдің бүгінгі Мәскеу биржасындағы құлауынан кейін біраз сарапшылар теңге тұрақтылығына сенімсіздікпен қарай бастады. Жағадан алып отырған басты жау - коронавирус. Вирус мұнай бағасын құлатты, артынан рубльді жалмады. Теңгеге де сыпайы сигнал келгенге ұқсайды. Нәтижесінде бүгін доллар бағамы 380ге бірақ көтерілді.
2020 жылы шегірткемен күреске Қазақстанда республикалық бюджеттен Т1 млрд бөлінді, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгін банк активтерін бағалау бойынша кешенді тексеру (AQR) нәтижелері жарияланып, қай банктерге өз жағдайына назар аудару керектігі айтылды. Олар ЦентрКредит, АТФБанк, Нұрбанк пен Еуразиялық банк. Бұған дейін сарапшылар топшылап келген, бірақ атын атамауды жөн көріп отырған банктерді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрағасының орынбасары Олег Смоляков ашық жариялады.