Экономика жаңалықтары
Банктер алдағы ақпанның 24-інен бастап қарыз алған халықтың әлеуметтік осал топтарына қосымша көмек көрсетпек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрайымының орынбасары Нұрлан Әбдрахманов ипотека мәселесін көтеріп жүрген қоғамдық бірлестіктердің басшыларымен және екінші деңгейдегі банктермен кездесулер өткізді
Cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтардың Интернетте қанша ақша жұмсағанын айтты.
Ұлттық компаниялардан түсетін дивидендтер көлемі пайданың жартысын құрауы тиіс. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
Қазақстанның табиғи қазба байлықтары әлі толық зерттелмегенін мамандар жиі айтады. Оның ішінде мұнай қоры туралы нақты дерек жоқ. Бірақ болжам бойынша 76 млрд тоннаға жуық мұнай-газ ресурсы бар. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы құбыла өзгерді
Елімізде 10-15 жылдан кейін мыс, қорғасын және кейбір сирек кездесетін металлдар тапшы болуы мүмкін
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктерге коронавирус келтіруі мүмкін зиян көлеміне қатысты сауалнама жолдап отыр. Егер эпидемияның Қазақстандағы қаржы секторын құлату мүмкіндігі жоғары деп танылса, онда банктерге МСФО9 бойынша қосымша қор жинауға тура келеді
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 4% артық шикі мұнай өндірді, деп хабарлады ҚазТАГ.