Экономика жаңалықтары
Көзі ашық жандар теңге құлдыраған сайын ақшаның құнын сақтап қалуға тырысады. Көбісі доллар алады. Ал ұзақ мерзімді инвестиция дегенде халқымыз жылжымайтын мүлік сынды тұрақты активке қаржы салғанды дұрыс көреді. Осы жерде алданып қалудан сақтану керек.
Төтенше жағдай кезінде форс-мажор куәлігі туралы сертификаттар тегін берілетін болды. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ҚазТАГ таратты.
Қазақстан қор биржасының түстен кейінгі сессиясына теңге 435 бағамымен кірмек. Бұл "овершут", яғни Ұлттық Банк араласпағандағы валюта бағамының құлдырауы дейді, сарапшылар. Егер овершут бітсе, онда теңге мұнай бағасымен байланысып, нарықта өзі реттеліп отырмақ.
Ірі қалаларда доллар сату тоқтатылды. Сағат 11 шамасында ғана доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 450 теңгеге жеткенін жазғанбыз.
Еуропалық даму және қайта құру банкі (ЕДҚБ) коронавирус салдарымен күресуге 1 млрд еуро бөледі, деп хабарлады ҚазТАГ
Бүгін таңертең Ұлттық банк долларды еркін айналымға жібергені сол еді, доллардың теңгеге шаққандағы құны 450 теңгеге бір-ақ жетті. Доллардың бағамы әлі де өсетін сияқты.
Әлемдік жетекші мұнай биржаларында жұма күнгі сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы аздап өсті. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады
Нұр-Сұлтан мен Алматы айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттады, Шымкентте арзандады, деп хабарлады Kurs.kz