Экономика жаңалықтары
Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы (AERC) жүргізген зерттеу нәтижесінде экономикамыздың жағдайы 1995 жыл көрсеткішіне қайтып оралмақ. Дәлірек айтқанда, орталық сарапшыларының пікірінше, 2020 жылы Қазақстанның нақты жалпыұлттық ішкі өнімі 4,9% -ға төмендейді. Бұл 1995 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ағымдағы жылдың 27 сәуірінен бастап Алматыда ІІ кезең аясында Экономика кәсіпорындарын іске қосуды мақұлдады
Қазақстандағы бірде-бір базар заманауи талаптарға сәйкес келмейді, деп мәлім етті ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. Алматы, NEGE. «Сауда инфрақұрылымында қазіргі таңда 750 сауда базары бар, оның 51%-ы стационарлық емес. Базарлардың ешқайсысы да заманауи талаптарға сәйкес келмейді», - деді Сұлтанов сейсенбідегі үкімет отырысында. Оның айтуынша, замауани жылдам түсіру-тиеу, кросс-доктың және температуралық қоймалардың болмауы бағаға әсер етеді. «Әрине, жұмыс жасап тұрған базарларда тауар ағынын қадағалайтын ақпараттық жүйе жоқ», - деп атап өтті Сұлтанов.
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
Үкімет келесі айда да 42500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы төлейді
Қазір нашақор есірткіге қалай тәуелді болса, еліміз де брент бағасына солай тәуелді екенін бес жасар балаға дейін біліп алды. Экономистер "мұнай инесі" деп атаған құбылысқа еліміз соңғы 20 жыл бойы шырмалып келеді және одан құтылудың амалын таппай келген еді. Енді коронавирус бізге тамаша мүмкіндік беріп отыр
Үкімет басшысы елордадағы екі бірдей тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Үкімет тарапынан елдегі кәсіпорындарға тиісті деңгейде көмек көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».