Экономика жаңалықтары
Тауар өндірісі 4,8% өсті, бұл ретте қызмет көрсетулер 6,2% қысқарған
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-мамырдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады.
Қазақстан биыл мұнайды жоспардан 4 млн тоннаға аз өндіретін болды. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
Өңдеуші кәсіпорындарға 3 пайыздық жеңілдетілген несие беріледі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай мәлім етті, деп хабарлайды.
Нұр-Сұлтанда жұмыссыздық деңгейі 4,6% -дан 6% дейін өсуі мүмкін, деп мәлімдеді «Нұр-Сұлтан қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының» жұмысқа орналастыруға ықпал ету бөлімінің басшысы Азамат Байтасов.
Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі 1 шілдеден кейін қаралады, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Алматы әкімдігі барахолка жабылады деген ақпаратты жоққа шығарды.
Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарауынша, жылдық инфляция 2020-2021 жылдарға белгіленген нысаналы дәлізден 4-6% жоғары болып қалыптасады. 2020 жылғы мамырда жылдық инфляция 6,7% (2020 жылғы сәуірде 6,8%) болды. «Инфляциялық процестер Қазақстанда және сауда әріптес елдерінде карантин шараларының ықпалымен, сондай-ақ теңге бағамының әлсіреуі және оны ішкі бағаларға көшіру арқылы қалыптасады», – деп хабарлады Ұлттық банк.