Экономика жаңалықтары

22.06.20 120 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында (ЖҚЖК) 5 954 жобаны жүзеге асыру басталып, 120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

20.06.20 7-20-25: 20 мыңға жуық адам ипотека рәсімдеген

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 33 005 өтінім қабылданды, деп хабарлайды Ұлттық банк. 

19.06.20 Азаматтар зейнетақыға деп 11,7 триллион теңге жинады

Азаматтардың зейнетақы жинақтары тұрақты өсуде: соңғы бес жылдағы орташа жылдық өсу қарқыны 19% құрады. Жалпы қорда жиналған қаржы көлемі 11,7 триллион теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың дәл осындай уақытымен салыстырғанда 17,9% -ға көп

19.06.20 Маскалар шығаратын тағы 4 жаңа кәсіпорын іске қосылмақ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында жеке қорғану құралдарын өндіру туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады.

19.06.20 Еліміз ОПЕК+ келісімі шарттарын орындауға дайын

ОПЕК+ министрлік мониторинг комитетінің отырысына Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

18.06.20 «Кеңқияқ-Атырау» жобасының бірінші кешені пайдалануға берілді

«Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының реверсі жобасының бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді, деп хабарлады «ҚазТрансОйл» (ҚТО) АҚ баспасөз қызметі.

18.06.20 Президент Тимур Құлыбаевты қабылдады

​«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Мемлекет басшысына кәсіпкерліктің төтенше жағдай режимі және карантин шектеулерінен кейінгі жағдайы туралы айтты.

18.06.20 Қазақстандағы депозиттердің долларлану деңгейі төмендеп келеді

Қазақстандағы депозиттердің долларлану деңгейі бір жылда 5 пайызға дейін төмендеген. Бұл туралы Парламент Сенатының отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мәлім етті.