Экономика жаңалықтары

18.06.20 Алматы өндірушілеріне қолдау көрсетіледі

«Спира-Берга» зауытында газ және сумен қамту, су құбырының инженерлік желілері үшін полиэтилен құбырларын шығару дұрыс жолға қойылған. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жоғары, мұнда жылына 8 мың тоннадан астам өнім шығарылады. 75 жұмыс орны құрылды.

17.06.20 Алматылықтар 16 млрд теңгеден астам жарна аударған

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 91,5 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы мәлімдеді.

17.06.20 «Вакцина шығарып көрмеген елде зауыт салу көп сұрақ туғызады»

Қазақстанның вакцина шығаруда ешқандай тәжірибесі жоқ, деп мәлімдеді белгілі дәрігер Қайырғали Көнеев.

17.06.20 «Air Astana», «Qazaq Air» мен «ҚТЖ» қашан жекешелендіріледі?news video

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі дирекция басшысы Алмасадам Сатқалиев «Air Astana», «Qazaq Air» авиакомпаниялары мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қашан жекешелендірілетінін айтты.

17.06.20 «R.O.I.» тұтыну кооперативі халықты алдап жүр ме?news video

Nege.kz порталының тілшісі «R.O.I.» тұтыну кооперативінің заңға қайшы әрекетін Қаржы комитеті әшкерелегенін анықтады. Заңсыз ұйымды Орал қаласының тұрғыны Арген Нұржанов басқаратыны белгілі болды.

16.06.20 Ресейдің жүк вагондарына НЕГЕ тыйым салынды?

15 маусымнан бастап елімізге шетелдік бос жүк вагондары кіре алмайды. Осындай тыйым салынды. Бұл бәрінен бұрын ресейліктердің шымбайына қатты батып отырған жайы бар. Солтүстік көршіміздің баспасөзі жалаулатып, Нұр-Сұлтанды нысанаға ала бастады...

16.06.20 Үлескерлік құрылыс қаупі НЕГЕ сейілмей отыр?

Үлескерлік құрылыс деген ұғыммен біз 2004 жылдардан бастап таныса бастадық. Және ең өкініштісі, оның елде жұмыс істеген алғашқы толқыны талай адамды сорлатты. Әлемдік қаржы дағдарысы басталған кезде еліміздің ірі қалаларында аяқталмай қалған құрылысты аяқтау үшін мемлекет қыруар қаржы жұмсауға мәжбүр болды

16.06.20 Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 2019 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп келген еліміздің 14 аймағы мен 17 қаласында 22 өкілдігі бар қаржы пирамидасы қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.