Ел

03.06.20 Сағынтаев Көк-Жайлауды қайтаруды сұрады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев премьер-министр Асқар Маминнен Көк-Жайлау жерлерін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтаруды сұрады.

03.06.20 Бұзақы оқ атқан

2 маусым күні Жезқазған қаласындағы үйлердің бірінің маңында белгісіз біреу бұзақылық әрекет жасап 33 жастағы Жезқазған қаласының тұрғынына қатысты белгісіз қарудан оқ атып, жәбірленуші оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

03.06.20 Екі қылмыстық топ ұсталды

Ордабасы ауданының полицейлері 10-нан астам мал ұрлығын ашып, екі қылмыстық топты ұстады.

03.06.20 Синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымымен күрес күшейтілді

Жыл басынан бері есірткі құралдарын ақпараттық-коммуникациялық жүйелер арқылы өткізудің 100-ден астам фактісі анықталып, жолы кесілді. Заңсыз жарнама орналастырғандар және синтетикалық есірткіні насихаттағандарға қатысты 20 қылмыстық іс қозғалды. Бұл мәліметтерді ҚР ІІМ Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев баспасөз мәслихатында көпшіліктің назарына ұсынды.

03.06.20 Коронавирустен жазылғандар саны 6 мыңға жуықтады

Қазақстанда коронавирустен жазылғандар саны 6 мыңға жуықтады, деп хабарлады ҚР-дағы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

03.06.20 Зейнеткер балық аулау кезінде суға батып кетті

Қостанай облысы Федоров ауданында “Три девицы” көлінде Владыкинка ауылында тұратын 1955 жылы туған балықшы суға батып кетті .

03.06.20 Министрлік жазғы мектепте не үйретпек?

 Биыл тамыз айында Білім және ғылым министрлігі жазғы мектепті іске қоспақ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингінде айтылды.

03.06.20 1-сыныпқа баратын баланы тіркеу тәртібі

1-сыныпқа баратын баланың тұрғылықты мекенжайы басқа қалада болса не істеу керек?  Нормаға сәйкес, әр сыныпта 25 балаға дейін болуы керек. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингіде айтылды.