Ел

11.12.19 Үздіктер қатарында НЕГЕ ҚазҰУ жоқ?

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев еліміздегі ең беделді ЖОО атады. 2019 жылы білім беру бағдарламалары рейтингінде ТОП-10 құрамына енген университеттер қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жоқ.

11.12.19 Қарашығанақтан миллиардтар қайта бастады

Ел үкіметі енді ешкімге есе жібермеуге бел буған секілді. Қарашығанақ үшін шетелдік консорциумнан мәмілелердің құнын 2,5 есеге дейін арттыруды, яғни 2,5 млрд АҚШ долларын сұрап отыр. Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, екі тарап 1,8 млрд АҚШ долларына тоқтам жасауы мүмкін. Консорциумға шетелдік Sell және Eni компаниялары басшылық етеді. Олар ұсынған 1,1 млрд долларын үкімет «жеткіліксіз» деп танып, бұрынғы бағаны місе тұтудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.

11.12.19 БҰҰДБ-ның есебі: Қазақстан 50 орында

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) жыл сайын 170-тен астам елдің адам дамуы индексі бойынша зерттеуін ұсынады. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында БҰҰДБ негізгі құжаты – «Адам дамуы жөніндегі есебі 2019» есебі жарияланды. 

11.12.19 ЖОО жаппай жабылып жатыр. НЕГЕ?

Осы күні әлем алаңдап, бар күшін аямай сарп етіп жатқан сала – білім жүйесі. Дамыған және дамушы мемлекеттер бірінен бірі қалмай түрлі реформа енгізуде. Біздің министрлік реформаны ЖОО жаппай «жазалаудан» бастады.

11.12.19 Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен техника саласында әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты тапсыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

11.12.19 Тағы 5 ЖОО лицензиясы тоқтатылмақ

Білім және ғылым министрлігі қосымша тексеру жұмыстарын жүргізе келе, 5 жоғары оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

11.12.19 Головкин: Өз үйім – өлең төсегім

Геннадий Головкин Инстаграмдағы парақшасына бүй деп жазды: «Өз үйім – өлең төсегім kz» (Всегда счастлив быть дома kz).

11.12.19 Алматыда көп қабатты тағы бір үй қисайды

Бір қызығы, Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті көп қабатты үйдің апатты жағдайда тұрғанын ҚазТАГ тілшісінен естіпті.