Ел

11.12.19 ЖОО жаппай жабылып жатыр. НЕГЕ?

Осы күні әлем алаңдап, бар күшін аямай сарп етіп жатқан сала – білім жүйесі. Дамыған және дамушы мемлекеттер бірінен бірі қалмай түрлі реформа енгізуде. Біздің министрлік реформаны ЖОО жаппай «жазалаудан» бастады.

11.12.19 Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен техника саласында әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты тапсыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

11.12.19 Тағы 5 ЖОО лицензиясы тоқтатылмақ

Білім және ғылым министрлігі қосымша тексеру жұмыстарын жүргізе келе, 5 жоғары оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

11.12.19 Головкин: Өз үйім – өлең төсегім

Геннадий Головкин Инстаграмдағы парақшасына бүй деп жазды: «Өз үйім – өлең төсегім kz» (Всегда счастлив быть дома kz).

11.12.19 Алматыда көп қабатты тағы бір үй қисайды

Бір қызығы, Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті көп қабатты үйдің апатты жағдайда тұрғанын ҚазТАГ тілшісінен естіпті.

11.12.19 Баспана қымбаттады

2019 жылдың қарашасында елімізде жаңа баспана бағасы 1 шаршы метріне 292 886 теңге болды және бір айда 1%, бір жылда (2018 жылдың қаңтар – қарашасымен салыстырғанда 2019 жылдың қаңтар-қарашасында) 6,2% өсті, деп хабарлады ҚазТАГ Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің сайтына сілтеме жасап.

10.12.19 Тағы бір зорлықшы қолға түсті

«Қарағанды қаласында  шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан зорлықшы адам жеті жасар қыз балаға тиіскен деген күдікке ілінуде», деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

10.12.19 A-Паркинг: алматылықтарға 920 млн теңге айыппұл салды

Автотұрақ ақысын төлеуден жалтарған алматылықтарға 920 миллион теңгеден астам сомаға 143 мың ұйғарым (айыппұл) шығарылды. Бұл туралы A- Паркинг компаниясының өкілдері айтты.