Ел

15.12.19 Жатақханадағы өрттен адам қайтыс болды

Алматыда жатақханадағы өрт кезінде ер адам қайтыс болды, – деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

15.12.19 Қазақстанда алып игуана табылды

Игуана - ұзақ эволюциялық өзгерістерден өткен ежелгі тұқымдастар. Олардың динозаврға ұқсайтыны да сондықтан. Теңіз жағалауында жатқанына қарағанда Ақтау тұрғыны пәтерінде асыраған болуы керек.

15.12.19 Елдегі ең басты шырша қашан жағылады?

Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында елдегі ең басты шырша жағылады. Бұл дәстүр биыл да қайталанады. Астана, NEGE. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы баспасөз хатшысы Гүлжан Сергібаеваның айтуынша, елдегі ең басты шырша 18 желтоқсан күні 18:00-де жағылады. «Шырша жағу шарасы концерттік бағдарламамен жалғасады. Отандық әншілер ән салады. Ашық аспан астында коньки тебуге болады. Конькиді жалға алу құны – 500 теңге. Ал егер өз конькиіңізбен келсеңіз, тебу тегін» дейді Г.Сергібаева.

14.12.19 Полицей қызметінен шеттетілді

Түркістандағы №15 мектептің мұғалімін әжетхана күзетпегені үшін ұстап әкеткен қалалық полиция бөлімінің бастығы қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. 

14.12.19 Электронды үкімет және бірқатар сайттар уақытша жұмыс істемейді 

Мемлекеттік қызмет көрсететін бірқатар ақпараттық ресурстар мен сайттар бір тәулікке жұмысын тоқтатады, деп хабарлады «Ұлттық ақпарат орталығы» АҚ баспасөз қызметі. 

14.12.19   Димаш Құдайберген алғыс айтты 

Әлемге танымал қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген фанаттарына алғыс айтты. 

14.12.19 Мереке күндері азық-түлік арзан болады

Алдағы мереке күндері қарсаңында алматылықтар ет пен көкөністерді төмен бағада сатып ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

14.12.19 Ұрланған 16 жылқы табылды

Қарағанды облысында фурадан ұрланған 16 жылқы табылды. Жылқыларды Ақмола облысынан Түркістан облысына жеткізуге тырысқан, – деп хабарлайды​ Tengrinews.kz тілшісі.