Ел

16.05.20 Індет алты мыңға жуық адамды алқымдады

Қазақстанда тағы 161 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5850 болды. Өсім көрсеткіші – 2,8 пайыз.

16.05.20 Пойыз билетін онлайн сатып алу ұсынылды

 1 маусымнан бастап вокзал ғимаратына жол жүру билеті бар жолаушылар ғана кіргізіледі. «Қазақстан темір жолы» компаниясы жаңа қауіпсіздік талаптарын жариялады.

16.05.20 Іле балығы неге қырылып жатыр?

Алматы облысында Іле өзенінде мөңке мен ақ амур балықтарының қырылуына газ режимінің дұрыс болмауы себеп. Бұл жайында Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінен мәлімдеді.

16.05.20 Түрмеден әйеліне сыйлық жіберді

Шығыс Қазақстан облысы түзеу мекемесінде сотталған өз қолымен альбом жасап, жанұясына бандероль арқылы жіберді

16.05.20 Қостанайда 6 жасар бала терезеден құлап кетті

Қостанай қаласында алты жасар бала 2-қабаттың терезесінен құлап кетіп, аман қалды

15.05.20 2,9 миллионнан астам адам 42 5200 теңгені екінші рет алды

15 мамырдағы жағдай бойынша 2,9 млн-нан астам қазақстандық төтенше жағдай режимінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңгені екінші рет алды. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.  

15.05.20 Қордайдағы ғылыми институтта коронавирусқа қарсы вакцина дайындалып жатыр ма?

 Қордайдағы биологиялық қауіпсіздік мәселелерін ғылыми-зерттеу институтында коронавирусқа қарсы вакцина әзірленуде, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

15.05.20 Елімізде азық-түлік базарлары қалай жұмыс істейді?

  Базарлар сағат 10:00-ден бастап 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қазақстанда карантин режимінің жеңілдетілуіне байланысты азық-түлік базарлары қалай жұмыс істейтіндігі белгілі болды.