Ел

05.01.20 Жұмыс істейтін жастарға неше пәтер беріледі?

 Алматы әкімдігінде «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер беру» бағыты бойынша құжат қабылдау басталды. 

05.01.20 Жол бойында жолаушылар автобусы өртенді

Өскемен қаласында жолаушылар автобусы өртенді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.  

05.01.20 Жұмасұлтанов түрмеге түсуге дайын

Bek Air әуекомпаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың YouTube арнасында сұхбаты жарияланды. Онда ол 27 желтоқсан күні Алматы әуежайы маңында құлаған Fokker-100 жолаушылар ұшағына қатысты және жеке басының жауапкершілігі жайлы айтады.

04.01.20 Жаңаөзен тұрғынының мәйіті көлікте бірнеше күн бойы жатып қалған

4 қаңтар күні сағат 10:00 шамасында Жаңаөзендегі сауда орталығының атвотұрағында тұрған  Toyota Camry автокөлігінен 44 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды NEGE.kz LADA.kz-ке сілтеме жасап. Алматы, NEGE. Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы тұрғынының мәйітін сауда ойын-сауық кешенінің күзетшілері тапқан. Олардың айтуынша, көлік бірнеше күн бойы сауда орталығы ғимаратының жанында тұрған. Облыстық полицияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Жаңаөзен қалалық полиция бөлімі тергеу жұмыстарын бастаған.  - Сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Айта кетейік, ер адамның денесінен зорлық-зомбылық ізі табылған жоқ,-  деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

04.01.20 Жас жігіт көлік ұрлап ұсталды

Өскеменде таңертеңгі сағат 4-тер шамасында полиция ұрланған «Волга» көлігін  айдап бара жатқан 18 жастағы жігітті ұстаған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Полиция Департаменті хабарлады.

04.01.20 Алматыда бала батуттан құлады

Алматыдағы «Көк-Төбеде» батуттан құлаған бала жарақат алған.

04.01.20 Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

4 қаңтар күні Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

03.01.20 Жол бойында мұзда сырғанағандар қаза тапты

Жол бойында көңіл көтермек болғандар қаза тапты.