Ел

20.12.19 Виза алу жеңілдеді

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері "Шетелдікті шақырту" қызметін электрон форматқа көшірді, – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

20.12.19 Декреттік демалыс алатын еркектер көбейді

Швецияда ерлердің 20 пайызы, Германияда әрбір үшінші еркек, Норвегияда әрбір жетінші азамат декреттік демалысқа шығады. Қысқасы, шетелде бұл таңсық емес. Байқасақ, бұл мүмкіндікті Қазақстанның еркектері де пайдаланып жүр.

19.12.19 Кеше – Олимп, бүгін – Finbet...

Букмекерлік компанияның ғимаратына тінту жүргізген құзырлы органдар видео жариялап, күдіктілердің тергеу изоляторына уақытша жабылғанын хабарлады. Комитеттің мәліметіне қарағанда, букмекерлік компанияның жылдық заңсыз табысы 3 миллиард теңгеге жеткен.

19.12.19 Қазақ тілін тереңдетіп оқытатын мектеп енді болмайды

Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатына "лингвистикалық" деген атау беріп, "қазақ тілі мен әдебиеті" сөздерін алып тастамақ. Бұл туралы осы мектепте ұзақ жыл еңбек еткен ұстаз ‎Дамеш Исаханова Фейсбукте хабарлады. 

19.12.19 Е.Біртанов: Дәрігерлер 505 мың теңге алады

2025 жылы Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы 505 мың теңге болады.

19.12.19 Төрт облыста ескерту жарияланды

 Төрт облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды  Қазгидромет.  

19.12.19 Ректордан пара алғаны үшін айыппұл арқалады

ҚР Білім және ғылым министрлігі (БҒМ) «Ғылым қоры» АҚ басқармасының экс-төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазинге академик Е.А.Бөкетаев атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорынан пара алғаны үшін Т57 млн айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.

19.12.19 Тәжікстанда – Қазақстан медицинасы күндері

  Бүгін Душанбеде Қазақстан медицинасының күндері басталды. Шараның мақсаты – Тәжікстан мен Қазақстан денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейту, медициналық ұйымдар арасындағы әріптестікті нығайту, инновациялар мен технологиялармен алмасу.