Ел

15.01.20 Абақтының бастығына айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданық сотында азаматтық іс бойынша ерекше сот процесі басталды. Заңгер Бұрхан Жансейітов үш бірдей заңды тұлға – ЕЦ 166/1 мекемесінен, Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен және ІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен бір теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етіп отыр.

15.01.20 Жамбылда тағы жасөспірім зорланды

Жамбыл облысының бір ауылында мектеп оқушысы босанып қалды. Бұл туралы Время газеті жазды. Жаңа туған сәбидің әкесі кім екенін тергеу ісі тағайындаған генетикалық сараптама анықтайды. Оқушы қызды өзі құралпы жеткіншек балалар зорлаған екен.

15.01.20 Кәсіпкерді отбасымен өлтірген

Батыс Қазақстанда кәсіпкерді бүкіл отбасымен бірге өлтіріп кетті. Қайғылы оқиға 14 қаңтар күні кешке Бәйтерек ауданындағы Янайкино ауылында болды, деп хабарлайды өңірлік «Мой город» порталы.

15.01.20 Жалдамалы жұмысшы НЕГЕ көп?

Елімізде 6,7 миллион адам жалдамалы жұмыс істейді. Ал жұмыссыздық деңгейі – 4,8 пайыз. Өткен жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандардың 76 пайызы – жалданып жұмыс істейтіндер.

15.01.20 Президент кадр резервіндегі жастармен кездесті

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің кадр резервіне енген 300 жаспен кездесу өткізіп жатыр. 

15.01.20 Семей мен Қызылорда тұрғындарына қауіп төніп тұр

Семей мен Қызылорда тұрғындары жақын маңдағы өзендердегі су деңгейі күрт көтерілген жағдайда эвакуациялануы мүмкіні.   

14.01.20 Қостанайға қоныс аударып жатқандар көп

Биыл Қостанай облысына 1700-ге жуық адам көшіп келеді. Олармен әлеуметтік келісімшарттар жасалады.  

14.01.20 «Бөтен» нөмірлі көліктер елден шығарыла ма?

Қазақстан жолдарында жүрген қырғыз, армян және ресейлік нөмірлі көліктерді енді жүргізбейтін болды. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінен хабарлады.