Ел

17.01.20 Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алуға бола ма?

Заңнамаға сәйкес, зейнетақы қорындағы ақшаны ай сайынғы төлем ретінде мерзімінен бұрын алуға болады. Ол үшін есепшотта жинақтың нақты бір мөлшерін жинау қажет. Оның көлемі жыл сайын экономикалық көрсеткіштерге қарай өзгеріп тұрады. Мәселен, биыл ер адамдар үшін қажетті соманың мөлшері 10 809 889 теңге болса, әйелдер үшін 14 485 100 теңгені құрайды. 

17.01.20 Қазақстандағы ресейлік балгер қамалды

Ресейлік балгер алматылық қызды 27 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.   

17.01.20 Алматыда электр қымбаттады

2020 жылдың 1 қаңтарынан Алматыда және Алматы облысында электр қуаты тарифі өсті. Тариф 4,6 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өкілдері айтты.

16.01.20 Билет делдалдары 1 млн 300 мың айыппұл төлейді

Темір жол билеттерінің алыпсатарларына 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы Елдос Нестай айтты.

16.01.20 ҰҚК: Бақауов қызмет бабын асыра пайдаланған

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ісіне қатысты түсініктеме берді. 

16.01.20 Қытайдың белгісіз дертінен әзірге аманбыз

Нұр-Сұлтан әуежайында Қытайдан келіп жатқан жолаушыларды дене қызуын анықтайтын аппаратпен тексеріп қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, елімізде әзірге қытайлық коронавирус дерті тіркелмеген.

16.01.20 Абайдың 175 жылдығын атап өтуге неше миллиард бөлінеді?

Қазақстанда Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге 3 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылған, деп хабарлайды Today.kz

16.01.20 Қасымов жаңа қызметке тағайындалды

Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлады Ақорда.