Ел

24.01.20 «Jas Otan» Жастар қанатына жаңа төраға тағайындалды

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы қызметіне Елнұр Бейсенбаев сайланды.

23.01.20 Шымкентте полицейді өлтіріп қоя жаздадыnews video

Шымкентте жол апатына себепкер болған жүргізуші полицейді капотына «мінгізіп» алып, үш шақырымға дейін сүйреді. Бұл туралы видеоны Polisia.kz жариялады.

23.01.20 Қыз алып қашам деп сотталды

Қыз алып қашқандар 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Алматы облысында достарына қалыңдық алып қашамыз деп бастары дауға қалған төрт ауылдасқа қатысты сот шешімі шығып, олардың ұзақ мерзімге бас бостандығы шектелді. 

23.01.20 Шығыста «Біздің Абай» қоғамдық көлігі жолға шықты

Бүгін Өскеменде ұлы ақынның 175 жылдығына орай «Біздің Абай» әдеби трамвайы жолға шыққан. Қоғамдық көліктің ішіне хәкімнің қара сөздері, өлеңдері қойылды.  

23.01.20 Мүгедектік бойынша жәрдемақы мен еңбекке жарамсыздыққа байланысты төлемдерді SMS арқылы рәсімдеуге болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алу және еңбекке жарамсыз болып қалғанына байланысты берілетін әлеуметтік төлемді тағайындау мәселесін ешқандай мемлекеттік органдарға жүгінбестен, SMS арқылы шешу қызметін ұсынды.

23.01.20 Аудан әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Нұрсұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов пара алды деген күдікке ілінді

23.01.20 Төрт облыста полицейлер ұсталды

Еліміздің бірнеше аймағында полиция қызметкерлерінің пара алу фактілері анықталды.  

23.01.20 Қытайдағы вирус: Қазақстан да алаңдаулы

Қытайда тараған коронавирус көрші мемлекеттерге де келе бастаған. Қауіпті індетке байланысты Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі де алаңдап, баспасөз мәслихатын өткізді.