Ел

13.01.20 Қазақстан төлқұжатымен қанша елге баруға болады?

Жапон төлқұжаты 2020 жылдың әлемдегі ең беделді құжат ретінде танылды. Жапон азаматының төлқұжаты әлемнің 191 елінің есігін ашады.

13.01.20 Алакөлдің еті нарыққа түсті

Алакөлдің «Қайыңды» ет өңдеу зауытының өнімдері нарыққа жол тартады

13.01.20 Көлік жүргізген 6 жасар баланың әкесі жазаланды

Қазақта 4-5 жасқа толған балаға азамат болдың деп нағашылары тай атайтын дәстүр бар. Ат жалын тартып мініп, бала ер жетеді. Мына заманның тұлпары автокөлік екенін ескерсек, оны балаға сеніп тапсыра алмаймыз. Жуырда алматылық азамат баласына көлік жүргізуге рұқсат етіп, оны видеоға түсіріп алған

13.01.20 Алматы – аллергиктер қаласы...

Алматыда аллергиктердің саны күннен-күнге артып барады. Мамандардың айтуынша, мұның бірнеше себебі бар. Tengrinews.kz порталының ресми сауалына тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жауап беріпті. Алматы, NEGE. Деректерге сүйенсек, 2019 жылдың сегіз айында Алматыда аллергиялық дертке шалдыққан 21 958 адам тіркеліпті. Ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 40 198 болған. Алматы қалалық бас санитарлық дәрігер Айзат Молдақасымованың сөзіне қарағанда, 2019 жылдың қорытындысы арғы жылдан көп болады. «Ең көп кездесетіні – терінің аллергиялық дерті (9987). Одан кейін тыныс жолдарының ауруы (4850). Аллергиялық крапивница – 2075» дейді А.Молдақасымова. Алматының аллергиктер қаласына айналуының бірнеше себебі бар. Мәселен, ауаның ластануы, тұрмыстық химия тауарлары, балалар ойыншықтары, тағы да басқалар.

13.01.20 МӘМС-тің мәні неде?

Жаңа жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілді. Алайда, халық арасында  бұл жүйенің қалай жұмыс істейтіні туралы түсініспеушілік көп. Парламенттің әлеуметтік, денсаулық сақтау саласына жауап беретін депутаттары осындай жаңа жүйе туралы кеңінен түсіндірсе дейсің.   

12.01.20 Мас жүргізуші қамалды

11 қаңтардан бастап елімізде көлік құралдарын мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейту туралы Заң күшіне енді.

12.01.20 2020 жылы 5 түрлі дәмнен бас тартыңыз

Қазақтың «ауру – астан» деген тәмсілі тегін айтылмаса керек. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жыл өткен сайын бұл сөзді құптап, зерттеу жүргізуде.  

12.01.20 Полиция үй аралай бастады

Тәртіп сақшылары Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен және 60-тан астам еріктілермен бірлесіп жеке үйлерді аралауда, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.