Ел

31.01.20 Сот төрағасы қамалды

30 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Бостандық ауданы сотының төрағасын қамауға алуды санкциялады, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

31.01.20 Қазақты 1,5 млрд теңге сақтай ала ма?

Алматыдағы дәріханалардың көбінде қорғаныс маскасы таусылып қалған. Желіде осы қызу талқыланып жатыр. Премьер-министрдің орынбасары осы мәселеге тоқталып, байбалам салмауды сұрады.

31.01.20 Коронавирус: Қазақстан маскасыз қалуы мүмкін

Қытайдың Ухань қаласынан тараған коронавирус әлемді жалмап барады. Қазір осы індеттен көп жұмғандардың саны 170-тен асты. Қазақстан да қамсыз қалмауы керек. Қазірдің өзінде дәрі-дәрмек былай тұрсын, кәдімгі масканың тапшылығы сезіле бастады.

30.01.20 Қазақстан тағы да миллиондап бетперде сатып алып жатыр

«Коронавирус індеті пайда болған жағдайға деп Қазақстанда тағы да бес миллион маска қосымша сатып алынды», – деп мәлімдеді бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

30.01.20 Біртанов: Коронавирус жұқтырды деген күдікпен 38 адам ауруханада жатыр

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирустың жаппай таралуына байланысты 38 адамның барынша оқшауланған жағдайда ауруханада жатқанын хабарлады.

30.01.20 Құпия қалай құпия болмай қалды?

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел уәкілі Бауыржан Керімбековтің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты сот үкімін жариялады. Тағылған айыпқа сай, сыбайлас жемқорлықпен күресуге міндетті маңызды тұлғаның өзі заңсыздыққы барып, оған сеніп тапсырылған тергеудегі қылмыстық іс өзге біреулердің қолына өтіп кеткен. Сондай фактілер редакция қоржынына түскен соң, біз Бас прокуратураға сауал жолдағанбыз. Арнайы прокурорлар қызметі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаментінің жедел уәкілі маңызды мәліметтің сыртқа шығып кетуіне кінәлі деп тапты. (Совершенно не секретно, «Время» газеті) «Время» газеті 2018 жылдың күзінде басталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлеріне қатысты осы даулы істі, яғни, сол кездегі Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің үш қызметкері ұсталған кезден бері тынбай жазып келеді. Кеден қызметкерлері контрабандашылардан пара алды деген күдікке ілініп, соның алдында ғана Ыстамбұлдан 6 келі алтын алып өткен контрабандашылармен сыбайлас болуы мүмкін екені айтылған. Кейіннен белгілі болғандай, пара алу фактісі де, декларацияланбаған зергерлік бұйымдарды елге заңсыз алып өту де... сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің уәкілдері өздері ұйымдастырғаны мәлім болды. Ұсталғандардың бәрі босатылып, сыбайлас жемқорлықпен күресушілерге қарсы сот іс қозғаған. Олардың ішінде жедел уәкіл Кәрімбеков те бар еді. Осы тақырыпта біз бірнеше мақала жариялап, көптеген қолдау мен пікірге куә болдық. Ал 2019 жылдың қаңтар айында «Время» тілшісінің поштасына «құпия» белгісі соғылған бірнеше хат келіп түсті. Хабарлама авторы бұл құжаттарды Ұлттық бюроның тергеушісі Керімбековтен алғанын мәлімдеп, оның өзі құқық қорғау органдарының бақылауында екенін жеткізген еді. Біз бұл қағаздарды терең зерттемес бұрын, Бас прокуратураға сауал жолдадық. Шындығын айтсақ, бұл шешім өзіміздің қауіпсіздік шарамыз еді, егер басылымның атын жамылған жалған журналистер осы мәліметті әлеуметтік желілерде немесе телеграм каналдарына жариялап жіберген болса, бізді мемлекеттік құпияны жариялады деп айыптауға болатын еді және бұл үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар. Нәтижесінде Бас прокуратура аса маңызды істер жөніндегі қызметкер Бауыржан Керімбековтің қылмыстық іс материалдарының жоғалуына қатысы барын анықтады. Оған мемлекеттік құпияны заңсыз жария етті (ҚК 185-бабының 3-бөлігі) және мемлекеттік құпияларды қамтитын ақпараттық тасымалдаушы құралды жоғалтты (186-баптың 2-бөлігі) деген айып тағылды. Есіл аудандық сотының 20 қаңтардағы үкіміне сәйкес, ол кінәлі деп танылып 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл ақпаратты бізге Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі де растап отыр. Бұл үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ, сондықтан Керімбековтің жазасы жеңілдетілуі де мүмкін. Алайда, үш әріптесімен бірге Керімбековке қатысты «билігін асыра пайдалану, айғақтарды қасақана бұрмалау, көрінеу жалған мәлімет беру, азаптау және өзін-өзі өлтіру жағдайына дейін жеткізу» деген секілді тағылған айыптарға орай жаңа сот процесі басталады. Бәлкім, сол кезде оған кесілген жаза ауырлап кетуі де ғажап емес. Михаил КОЗАЧКОВ, Алматы.

30.01.20 Қазақстанда коронавирус туралы жалған ақпар таратқандардың үстінен алғашқы қылмыстық іс қозғалды (видео)

Қапшағай полициясы коронавирус індеті туралы жалған ақпар таратқан екі адамның үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы polisia.kz ақпараттық порталы хабалады.

30.01.20 Алматыда коронавирустың алдын алуға байланысты шара өтті

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров төрағалық ететін коронавирус инфекциясын таратуды ескерту бойынша өңірлік штаб құрылды.