Ел

23.01.20 ҚазГидроМет ескертеді!

«24-25 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының кей өңірлерінде және Жамбыл облысында дауылдан ескерту жарияланды», деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

23.01.20 Нұр-Сұлтандағы боран қозғалысты шектеді

 Биылғы қыс елорда халқын әбіржітіп жатыр. Бүгін қар борап, қаланың қозғалысы шектелген. Әкімдіктегілер тұрғындарға көшеге шықпауын сұрады. Біз Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласып көрдік. 

23.01.20 Күйеуін өлтіру үшін киллер жалдадыnews video

Қызылордада адам сенгісіз оқиғаға байланысты сот процесі өтті. Төрт баланың анасы өз күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған. Бұл туралы сюжетті «Хабар24» арнасы көрсетті.

23.01.20 Әйелдер неге ұзақ жасайды?

 Дания мен Нидерланд ғалымдары ерлер мен әйел адамдардың өмір сүру ұзақтығының әртүрлі болуының себебін түсіндірді. Мамандардың зерттеуі бойынша, әйелдер ерлерге қарағанда орта есеппен екі жыл ұзақ өмір сүреді, деп жазды The Conversation. 

23.01.20 Армения көліктерінің тағдыры талқылануда

Қазақстан мен Армения билігі Армениядан елге ағылып жатқан көліктердің түйіткілін талқылап жатыр.

23.01.20 Павлодар облысының жаңа әкімі жұмысқа кірісті

Павлодар облысының жаңа әкімі Әбілқайыр Сқақов өңір орталығының көшелерін аралап шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты.  

23.01.20 Бостандық аудандық сотының төрағасы қалай ұсталғаны белгілі болдыnews video

Кеше Nege.kz порталы Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы Алтынбек Баяновтың пара алу үстінде қолға түскенін жазған. Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сот төрағасының қалай ұсталғаны туралы видео жариялады.

23.01.20 Әкім болу қанша тұрады?

О заманда, бұ заман сатылмаған не қалды. БАҚ өкілдері «Әкімнің орны 50 мың АҚШ долларына сатылмақ болды» деп хабар таратып жатыр.