Ел

04.02.20 Республикалық маңызы бар жолдарға видеокамералар орнатылады

Ақылы жолдарда төлем алу жүйесін орнату және қызмет көрсетуге қатысты инвестициялық жоба аясында  еліміздің маңызы бар тасжолдарында бейне-бақылау камералары орнатыла бастайды. 

04.02.20 Bek-Air-ді сотқа берді

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Bec Air компаниясының клиенттерінің мүддесін қорғауға бет бұрды.

04.02.20 Қытайдан келген тауардан коронавирус жұқпайды

 ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша,Қытайдан келетін тауарлар коронавирустың таралуына әсер етпейді.

04.02.20 Өскемен өз пирамидасын тұрғызбақ

«Шығыс Қазақстан облысы Глубокский ауданында төртметрлік голографиялық пирамида орнату жоспарлануда», – деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

04.02.20 4 ақпан – қатерлі ісікке қарсы күрес күні

Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі. Мақсаты – халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы ақпараттандыру.

04.02.20 Генералдың «сыбағасы»

Бүгін Қорғаныс министрлігінің кадр және әскери білім департаментінің бастығы Қ.Көпбаевтың парақорлықпен істі болғанын жазғанбыз. «Время» газетінің тілшісі Михаил Козачков генерал-майордың не үшін және қалай ұсталғанын егжей-тегжейлі баяндапты.

04.02.20 Тоқаев коронавирустың ел экономикасына әсерін талқылады

Мемлекет басшысы Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.

04.02.20 Судьяның пара алу сәтіндегі видеосы шықтыnews video

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.