Ел

19.02.20 Алматыда жер мәселесі шешілді

Алматы қаласының меншігіне 383,5 га жер қайтарылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен есепті кездесу барысында айтты.   

19.02.20 Алматыны дамыту шарасы жалғасады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мегаполис тұрғындарымен есептік кездесуінде қаланы одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында ұзақ және орта мерзімді шаралар әзірленгенін мәлімдеді.

19.02.20 Сағынтаев: «Жол жүру тарифтерінің өсуіне жол берілмейді»

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев сәрсенбінің сәтінде өткен  тұрғындарға есеп беру кездесуінде көптің назарындағы басты түйткіл – қоғамдық көлік мәселесі туралы айтты. 

19.02.20 Елді жұқпалы аурулар меңдеп отыр

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті таратқан деректерге қарағанда, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелген жұқпалы аурулардың арасында ең көп таралғаны мыналар: жоғары тыныс жолдарының өткір жұқпасы - 539228 жағдай, функционалдық диарея - 12382, тыныс органдарының туберкулезі - 8438, желшешек - 41841, тұмау - 2213, қышыма – 669, қызылша - 576 және көкжөтел - 147.

19.02.20 Сағынтаевтың есебі несімен ерекшеленді?

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев шаһар тұрғындарына есеп беруде. Сағынтаев бұрынғы әкімдер сияқты баяндама жасаған жоқ. Ол қалада атқарылған шаруаларды қысқа да нұсқа айтып берді. 

19.02.20 Тоқаев интернет желісінің бағасын қымбаттатпауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады. 

19.02.20 Сағынтаев алматылықтарға есеп беріп жатыр

Сағынтаевтың алматылықтармен диалогы — әкімнің есептік кездесуі Halyk Arena-да өтіп жатыр. Алматы қаласы тұрғындарының алдындағы есептік кездесу алғаш рет 3200 орынға есептелген көпсалалы орталықта өтуде. 

19.02.20 Қостанайда 50 жастағы әйел героинмен ұсталды

Аса ірі көлемдегі героинді Қостанай тұрғыны өз үйінде сақтаған. Оның қылмысын полицияның іздестіру шаралары кезінде иісшіл иттер ашып берген.