Экономика жаңалықтары
Eurasian Resources Group импортты алмастыру және тауарларды жергілікті жерде өндіру бағдарламасы басталғанын хабарлайды.
2020 жылдың 8 айында Қазақстанның жұмыс күші көп өңірлерінен жұмыс күші тапшы өңірлеріне жалпы саны 4 386 адам, оның ішінде еңбекке жарамды жастағы 2 303 адам бар 1 273 отбасы қоныс аударды. Еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің ішінен 1 652 адам жаңа тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналастырылды.
2020 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайылов телекөпір режимінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысына қатысты. ЕЭК Кеңесінің мүшелері ішкі нарықтардың жұмыс істеуі, кедендік және техникалық реттеу, өнеркәсіп және тауарларды таңбалау мәселелерін қарастырды.
2020 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында дайындалған немесе басқа әдіспен консервіленген балық, уылдырық және оны алмастырушылардың өндірісі 15,6 мың тоннаға жеткен – бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,1 есе көп.
Әбу Дабидегі «Masdar» компаниясының Бас атқарушы директоры Мұхаммед әр-Рамахимен еліміздегі жаңартылатын энергетика бойынша жобаны және «Mubadala Investment» компаниясының Инвестициялық серіктестік басқармасының басшысы Абдалла әл-Марзуқимен логистика саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Елімізде жол саласындағы мамандар тапшылығы бар. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов мәлім етті.
Екінші деңгейлі банктердің басшылары мен топ-менеджерлері қаржыға қарық болуда, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
Премьер-Министрі А. Мамин Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2020, 11:02:25 ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында еліміздегі эпидемиологиялық ахуал қаралды.