Экономика жаңалықтары
Ресми Токио коронавирус салдарымен күрес үшін осы күнге дейін 3 трлн доллар бөліп отыр. Reuters агенттігінің дерегінше, бұл елдің экономикасы бір тоқсанда 5,3%-ға өсіп, қыркүйек айында оң сальдо мөлшері 2,14 трлн иенге жеткен.
Осы айда ұлттық валютаға вакцина туралы жаңалықтар мен ОПЕК+ альянсының шешімдері әсер етеді. Желтоқсан айына дейін ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы нығайды. Қарашада теңге 1,7%-ға нығайып, қазір бір доллар шамамен 425,5 теңгеге саудаланып жатыр.
Қазақстанның ішкі нарықтағы сұранысы жылына 17 миллион тонна шикі мұнай.
Brent баррелі 49,08 долларға саудаланып жатыр. Өткен аптада қымбаттаған мұнай құны 7 желтоқсанда қайтадан арзандай бастады. Бұған АҚШ пен әлемнің бірқатар елінде коронавирус жұқтырғандар санының артуы себеп болып отыр.
Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев салықтар бойынша кейінге қалдыруды және жалдау ақысынан босатуды қарастыратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы айтты.
«Астана Банкі» мен «БТА Банктің» балансына өткен баспаналар борышкерлерге жалға беріледі. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысқысы келетін азаматтар 2021 жылдың маусымына дейін өтініш өткізіп үлгеруі керек.
Оңтүстік Корея елінің инвесторлары 30-дан астам қазақстандық жобаны қаржылай қолдауға дайын. Елордада өткен Қазақстан Корея халықаралық форумының аясында тараптар кездесіп, өзара келіссөздер жүргізуге мүмкіндік алды. 2021 жылдан бастап Қазақстан жобаларына 75 миллион доллар каржылай колдау корсету жоспарлануда, деп хабарлайды 24.kz.
Салықтан рақымшылыққа іліккен қазақстандықтар берешегін өтеді.