Ел

31.05.20 Түркістан облысында биыл 917 шақырым жол жөнделеді

 Түркістан облысында жыл соңына дейін 917 шақырым жол жөнделеді. Оған жергілікті бюджеттен 42 млрд теңге бөлінді.

31.05.20 Қазақстанның 60 азаматы Катардан оралды

30 мамырда араб елінде тұрып жатқан Қазақстан азаматтары мінген чартерлік рейс Катар астанасы Дохадан Қазақстанға ұшып келді.

31.05.20 Сағынтаев блок-бекеттерде қызмет еткен азаматтарға алғыс айтты

 Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында 1 маусымға қараған түні қала периметрі бойынша орналасқан кедергілердің алынатынын хабарлады. Сондай-ақ, ол блок-бекеттерде жұмыс істеген барлық қызметкерлерге алғысын білдірді.

31.05.20 Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

   ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Дәл осы күні 1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған жасанды зауалдан зардап шеккендерді де еске аламыз. 

31.05.20 Бүгінгі ауа райы қандай?

31 мамырда ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Алайда, республиканың батысы мен солтүстік батысында циклонның әсерінен кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

30.05.20 Шымкентте індеттен бір адам қайтыс болды

Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлады www.coronavirus2020.kz сайты

30.05.20 2 мыңнан астам шетелдік көші-қон қызметіне жүгінді

Солтүстік Қазақстан облысында еңбек қызметіне байланысты екі мыңнан астам шетелдік көші-қон қызметіне жүгінді.

30.05.20 Алматының мешіттері ашылды

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің төтенше жағдайдан кейінгі Алматы қаласындағы діни объектілердің қызметіне қойылған шектеулерді алып тастау тәртібі туралы айтқан №32-қаулысына сәйкес, Алматы қалалық мешіттері осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген арнайы нұсқаулық негізінде және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимінің талаптарын қатаң сақтай отырып бүгіннен бастап өз жұмысын бастады.