Ел

06.03.20 Үлкен Алматы көліне жол жабылады

Іле-Алатау ұлттық паркінің басшылығы Есік және Үлкен Алматы көлдеріне апаратын жолдың жабылғанын хабарлады.

06.03.20 Нұр-Сұлтанға Сеулден 178 жолаушы келді

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына Сеулден бортында 178 жолаушысы бар ұшақ қонды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі хабарлады.

06.03.20 Қызылорда-Павлодар тас жолында 26 Өзбекстан азаматы бар автобус аударылды

Павлодар облысында Қызылорда-Павлодар тас жолында 26 өзбекстандық бар автобус аударылды, деп хабарлады ҚазТАГ.

06.03.20 Нұрымбетов пен Мозер еңбек заңнамасын талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозер Нұр-Сұлтан қаласында өткен жұмыс кездесуі барысында ҚР еңбек саласындағы заңнамасын және кәсіподақтардың қызметін жетілдіру мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанда адам саудасы күрес бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады.

06.03.20 Қазақстан Қырғызстан азаматтарына шектеу қойды

Бұған дейін Қырғызстан азаматтары Қазақстанға ID-card, яғни жеке куәлікпен кіре алатын. Енді оларды паспортсыз кіргізбейді. 

06.03.20 Оқушыларға телефон ұстауға тыйым салына ма?

Қазақстанда мектептерде смартфондарды, планшеттерді пайдалануға тыйым салмақшы. Бұл жайында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді. 

06.03.20 Біртанов: Карантинге түсіністікпен қарайық

Шектеу болуы тиіс. Көптеген ел шектеуді енгізеді. 4 наурызда бірінші санаттағы елдерден келген шетел азаматтары үшін шектеулер енгізілді. Жолаушылар ағынын қысқарту үшін осындай нормалар күшіне енді. 

06.03.20 Төрт ақылы жолдан 600 млн теңгеден астам қаражат түсті

2020 жылдың екі айы ішінде жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы жол учаскесінен түскен қаражат 643,1 млн теңгені құрады, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.