Экономика жаңалықтары
Криптовалюта нарығында биткоин бірден 10 процентке қымбаттап, құны 40 мың АҚШ доллардан да асып түсті.
Зейнетақы қорынан ақшаны уақытынан бұрын алу үшін өтінім 8 қаңтарда қабылдана бастауы мүмкін. Бұл туралы «Отбасы банкі» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Facebook-де өткен тікелей эфир барысында айтты.
Биыл әлем экономикасы былтырғы құлдыраудан кейін 4 процентке өсуі мүмкін. Дүниежүзілік банк осылай деп болжам жасап отыр.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады.
Қазақстан Ұлттық Банкі 2021 жылғы 6 қаңтарда доллардың ресми бағамы қандай болатынын айтты.
Брент маркалы қара алтынның бір баррелінің құны 53 доллардан асып кетті. Бұл былтырғы 4 наурыздан бері тіркеліп отырған ең жоғарғы көрсеткіш.
Ақмола облысында «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 21,4 мың жаңа жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Павлодардағы кәсіпкерлік нысан басшыларының 49%-ы - әйелдер. Облыста 42 мыңға жуық шағын және орта бизнес нысандары бар. Оның 19 мыңының тізгіні әйелдердің қолында.