Ел

11.04.20 Коронавирус жұқтырған шымкенттік пен оның анасы емделіп шықты

 Шымкентте коронавирус жұқтырған екі науқас ауруханадан жазылып шықты. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді. 

11.04.20 Шахтинск қаласында карантин режимі күшейді

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында карантиндік шаралар күшейтіледі. Қала бойынша бес блок-бекет орнатылады.

11.04.20 68-ші науқас жазылды

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар саны 68-ге жетті, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

11.04.20 Коронавирустан қайтыс болғандар қайда жерленеді?

Коронавирустан қайтыс болған адамдар кез келген зиратта жерлене береді. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің бас сарапшысы Жанат Жамалбекова айтты. 

11.04.20 Жедел саты түймелеріне түкірген бұзақы жауапқа тартылды

Алматыда жедел саты түймелеріне түкірген бұзақы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы, NEGE. «Ер адамның дұрыс емес әрекеті “Алатау сити” тұрғын үй кешенінің кіреберістерінің бірінің жедел сатысында орнатылған бейнебақылау камерасының объективіне түсті. Оның жеке басы анықталды, ол полицияға жеткізілді және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Істің материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілді», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков. Бұл кезде, құқық бұзушы қатты өкініп, халықтан кешірім сұрады. «Ашулы күйде жедел саты түймелеріне қақырып жібердім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын», – деді А.есімді тұрғын.

11.04.20 Тағы 19 адам коронавирус жұқтырған

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 19 жағдай тіркелді. 

11.04.20 Алматыда бүгін коронавирус анықталған екі ер адамның жағдайы ауыр

11 сәуір таңертең Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырған 5 жаңа жағдай тіркелді,

11.04.20 Коронавирустың шарықтау шегі қашан болады?

Қазақстанда коронавирус дертімен ауырудың шарықтау шегі қашан болатыны туралы болжам жасалды.