Ел

13.04.20 Коронавирус: 138-ші адам жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 28 науқас, Нұр-Сұлтан қаласында - 20, Алматы қаласында – 1, Ақмола облысында– 4, Алматы облысында - 3 адам сауығып, ауруханадан шықты. ⠀

13.04.20 Алматы облысында 3 блокбекет қойылды

Алматы облысында карантин енгізілген саяжайлардың кіру және шығу жолдарына 3 блокбекет қойылды

13.04.20 Іздеуде жүрген ұры блок-бекетте қолға түсті

Алматы облысында ұрлығы үшін іздеуде жүрген адам блок-бекетте ұсталды

13.04.20 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істей бастайды

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

13.04.20 20 мың теңгеге бекеттен өткізген

Ақмола облысында ветеринариялық препараттардың жеткізушісі адамдарды блокбекеттен заңсыз тасымалдаған. "Такси" қызметі үшін жолаушылар ер адамға 20 мың теңгеден төлеген.

13.04.20 Алматыда індет жұқтырған соңғы 27 адамның бәрі – медицина қызметкерлері

Соңғы тәулікте мегаполисте тағы 27 жаңа жағдай тіркелді. Олардың барлығы медицина қызметкерлері. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады. Алматы, NEGE. Оның айтуынша, 13 сәуірдегі жағдай бойынша Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 172 жағдайы тіркелген. «Соңғы 27 адамның ішінде 21 әйел және 6 ер адам, араларында бір жүкті әйел бар. Медицина қызметкерлерінің екеуінің жай-күйі полисегментті пневмонияларына байланысты ауыр, қалған адамдардың барлығында "қанағаттанарлық" деп бағалануда. Коронавирус анықталған 20 қызметкер шұғыл медициналық көмек көрсетуді жалғастырған Қалалық орталық клиникалық аурухананың қызметкерлері. Тағы 7 адам бұлар 4 сәуірдегі алғаш рет тапсырған тестілері теріс нәтиже көрсеткен - Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері. Әдетте, бұлар әртүрлі патологиясы бар пациенттер, олардың арасында ауру белгілерінсіз ағымы бар пациенттер болуы мүмкін, сәйкесінше бұл олардың вирусты жұқтыруына себеп болуы да мүмкін. Аталған факті бойынша қазіргі уақытта эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде», - деді ол. Сонымен қатар, ол медицина қызметкерлерін тексеріп-қарау бойынша барлық шара қолданылып жатқандығын атап өтті. «Бұдан басқа, барлық қалалық клиниканың ішінде қызметкерлерді коронавирусқа міндетті түрде тексеріп-қараумен эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда жалпы 122 адам емделуде. 89 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық, 8 адамда ауыр, 25 ересек адамда – ауырлықтың орташа дәріжесінде. Ем алушылар арасында 3 жүкті әйел бар», - деді Әбілдаев.  Бұған дейін Алматыда 47 адам мен 2 бала сауығып шықты, екеуі қайтыс болды. Провизорлық орталықтарда 186 адам бар, оның ішінде 10-ы бала, карантиндік оқшаулауда – 426 адам, үй карантинінде – 6199 адам.

13.04.20 Көлігінен 21 келі марихуана мен гашиш табылды

Қызылордалық полицейлер аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған Жамбыл облысының тұрғынын ұстады. 36 жастағы жігіттің көлігінен 21 келіден астам марихуана мен 1 келіден көп гашиш табылды.

13.04.20 Карантин тәртібін бұзған 63 адам қамауға алынды

Ақтөбе облысында полицейлер еріктілермен бірге ТЖ режимін бақылауды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz. 13 сәуірге дейін тәртіп сақшылары облыста режим бұзған 325 деректі анықтады.