Ел

14.04.20 Дәрігерге вирус науқастан жұққан ба?

Алматыда дәрігерлер коронавирусты пациенттерден жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында айтты. 

14.04.20 Елордада коронавирус жұқтырған 16 адам ауыр халде жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 16 адам ауыр халде жатыр. Жағдайы ауыр науқастардың төртеуі өкпені желдету аппаратына қосылған. 

14.04.20 Алматыда 116 дәрігер COVID-19 жұқтырған, екеуінің жағдайы ауыр

Алматыдағы Орталық қалалық аурухананың 110 қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.

14.04.20 Алматыда қозғалысты жүйелейтін портал іске қосылады

Алматыда төтенше жағдай кезінде жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлеріне қалада жүруге рұқсат беретін жаңа портал іске қосылады. 

14.04.20 20 сәуірде кейбір кәсіпорындар жұмысқа кіріседі

Сонымен, 20 сәуірде елордада 100 мыңға жуық, ал Алматыда 128 мың адам жұмысқа шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

14.04.20 Теміртауда №2 емхана карантинге жабылды

 Қарағанды облысында бүгін тағы 11 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның төртеуі Теміртау қаласындағы №2 емхананың дәрігерлері.

14.04.20 БАӘ-ден келген 135 жолаушы үйлеріне қайтады

Талдықорғанға Біріккен Араб Әмірліктерінен келген135 қазақстандықтың алғашқы легі ертең үйіне орала бастайды. 

14.04.20 Алматыдағы №12 клиникалық аурухана карантинге жабылды

Алматыдағы №12 клиникалық орталық аурухана да карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».