Ел

16.04.20 Білім беру саласында тағы бір онлайн-жоба іске қосылды

Елордалық білім басқармасы "Education Club Astana" деп аталатын жаңа жобаны қолға алды, деп хабарлады BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  Алматы, NEGE. «Жоба әр жұма сайын сағат 15.00-де Білім басқармасының ресми @bilimastana инстаграм парақшасында тікелей эфирге шығады. "Education Club Astana"  жобасының алғашқы қонағы – Назарбаев Университетінің түлегі, 100 жаңа есім жобасының 2019 жылғы жеңімпазы, № 54 мектеп-лицейінің директоры –  Сейсенбай Шәкәрім Толыбайұлы», - деп хабарлады білім басқарамасы. Алғашқы эфирдің тақырыбы "Интернетте оқып жүр талай қазақ баласы" деп аталады. Эфир барысында қазіргі төтенше жағдай кезіндегі қашықтан оқыту жұмыстарына байланысты сауалдар қойылады. Эфир кезінде онлайн-аудитория өздерін толғандырып жүрген сауалдарды эфир қонағына жолдай алады.

16.04.20 Ішіп алып көлік жүргізгендер жауапкершілікке тартылды

Алматы облысында карантин кезінде көлік құралын масаң күйде басқарған екі жүргізуші ұсталды

16.04.20 Тағы 10 адам тіркелді

Коронавирус бойынша 16 сәуірдің 12:25 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай

16.04.20 Кәмелетке толмаған қызды сатып ақша тапқан

Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмаған қызды сатқан күдіктіні ұстады. ​​​​​

16.04.20 «Молдақасымова қызметінен кетуі үшін не бүлдіруі керек?»

Соңғы күндері Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің басынан дау арылмай тұр. Айзат Молдақасымоваға қатысты «Еуропадан келген соң карантинде жатпай, жұмысқа шығып, журналистерге брифинг өткізді, карантин кезінде өзіне орасан көп сомада сыйақы жазып алды» деген сөздер аздай, енді оған қаладағы 12 аурухана дәрігерлерінің айыптаулары қосылды.

16.04.20 Коронавирусты жұқтырғандар саны 1331-ге жетті

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 1331-ге жетті, деп хабарлады ҚазТАГ мемкомиссияның жедел штабына

16.04.20 Абысынының телефонын ұрлап кетіпті

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған абысынды ұстады

16.04.20 БҚО-да соңғы тіркелген екі науқас та Ресейден келген

 Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған екі науқас та Ресейден келген болып шықты. 

16.04.20 «Birgemiz» қоры халыққа көмек беруін жалғастырады

 «Nur Otan» партиясының белсенділері мен «Жас Отанның» волонтерлері қазірге дейін 50 мыңнан аса отбасына ең қажетті деген тауарларды жеткізіп берді, деп хабарлайды «Хабар 24» Бұл іске ұзын-ырғасы 3 мыңнан аса волонтер қатысты.