Экономика жаңалықтары
Жақында өзіме қажет болған соң Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы шотым бойынша есеп сұратқан едім. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 10 триллион 798 млрд теңгеден астам сомаға жеткен. Бірақ қуанышымды басқа көрсеткіш су сепкендей басты.
Қазақстанда биыл 10-нан астам жаңа автокөлік түрі шығарылады. Ал елде құрастырылатын автокөлік санын жылына 100 мыңға дейін жеткізу жоспарланған.
Азиялық қор биржаларының көрсеткіштері Қытайдағы пневмония індетінің кең тарап кету қаупінен төмендеп кеткен.
ҚР Премьер-министрі Асқар Мәмин министрлер мен әкімдерге бюджеттің тиімсіз шығындарын қысқарту жөнінде ұсыныс дайындауға бір апта уақыт берді.
200 теңге енді қағаз емес, монета болмақ. Бүгін Ұлттық Банк номиналдық құны 200 теңгелік биколорлы монетаны көрсетті
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрайымы Мәдина Әбілқасымова үкімет отырысында президент тапсырмаларының қалай орындалатынын баяндады. КНРДА банктер мен несие беретін ұйымдарды ауыздықтайды, тұтынушы кредиттердің жосықсыз өсуіне жол бермейді. Нәтижесінде халық жаппай қарыздануын қоюы тиіс
Еуразиялық банкі бөлімшелерінде Астана Банкі салымшыларына өтем төлеу мерзімі 2020 жылдың 27 шілдесіне дейін ұзартылды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен Еуразиялық банк тиісті келісімге бүгін қол қойды
Коронавирус адамдарды ғана емес, экономиканы да "түшкірте" бастады. Қытай экономикасының эпидемиядан әлсіреп бара жатқаны байқалады. Ол Қазақстанға да жағымсыз әсерін тигізбек