Экономика жаңалықтары

03.02.20 Коронавирус Қытайды "қораға" кіргізді

Бір вирус Қытайды тізерлетуі мүмкін. Дүйсенбі биржалардың құлауымен басталды. Шанхай Композит индексі 8 пайызға төмендеген. Биржа 370 млрд доллар жоғалтты

01.02.20 Өмірзақ Шөкеев қанша жалақы алатынын айтты

Nege.kz порталы осы мәселеге байланысты облыс әкімдеріне және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне сауал жолдаған. Ең бірінші болып сауалдарымызға Түркістан облысының әкімдігі жауап берді. 

31.01.20 Мамин ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алуларды толықтай электронды форматқа көшіруді ұсынды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысып, олардың барысында ЕАЭО кеңістігіндегі экономикалық интеграцияның өзекті мәселелерін шешу бойынша бірқатар бастамалар көтерді.

31.01.20 Ішкі жалпыұлттық өнімнің жартысы. KASE айналымы 12 триллион теңгеден асты

2019 жылы акциялар нарығын капиталдандыру 17,2 триллион теңгеге дейін жетіп, оның алдындағы жылмен салыстырғанда 11%-ға ұлғайған. Қор биржасының айналыстағы корпоративтік облигациялар көлемі 12 триллионнан асқан. Қаржы нарығы үшін бұл өте жақсы жаңалық

30.01.20 Олжас Құдайбергенов: Президентке жеке кіремін

Қошқарлардың басы бір қазанға сыймады. Зейнетақы жүйесін реформалауы тиіс жұмыс тобынан шығып кеткен экономист Олжас Құдайбергенов президентке ұсынысын жеке кіргізбек. Тоқаевтың өзі артынан кімдікі дұрыс екенін шешетін болады

30.01.20 Биыл банктен кімдер несие ала алмайды?

Nege.kz порталы жаңа жылдан бастап банктен несие алудың қиындайтыны туралы жазған. Яғни, бұдан былай банк менеджерлері клиенттің төлем қабілетін мұқият тексеріп қана қоймай, борыш салмағының коэффициенті дейтін шаманы есептеуге міндеттелді. 

29.01.20 Қазақстандағы ең тәртіпсіз банк белгілі болды

Халық Банкі 2019 жылы 70 рет ереже бұзып, антирейтингте көш бастады. Алғашқы үштікте Forte Bank пен Сбербанк та бар. Өткен жылы 294 рет ереже бұзған 21 қаржы институты мемлекетке небәрі 18 миллион теңге айыппұл төлеген

29.01.20 Сингапур қайда, біз қайда? Қазақстан зейнетақы салымдарын баспанаға жұмсаудың сингапурлық үлгісінен бас тартты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, зейнетақы жүйесінің сингапурлық үлгісі Қазақстанда қолдануға келмейді. Негізгі мәселе - халықтың табысы мен есептелетін жарна көлемінде. Бізде табыс аз және төленетін жарна үлесі де мардымсыз