Ел

01.06.20 Қонжығын қорғамақ болған аю адамды талап өлтірді

Алматы облысында өз баласын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді.

01.06.20 Жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

Бұл мәліметті ҚР ІММ ТЖК жедел-құтқару жасағының өкілдері растады.

01.06.20 Алматының теміржол вокзалдары жұмыстарын бастайды

2020 жылдың 1 маусымынан бастап карантин шараларының бәсеңдеуіне байланысты  қалааралық жол қатынастары жанданады, соның ішінде поездар жүре бастайды. Билеттерді сату 15 мамырдан қолға алынған болатын. Сондықтан Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары жұмыстарын бастайды.

01.06.20 Жыл басынан бері 21 бала терезеден құлаған

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау саласындағы зілзалалар қауіп-қатерін азайту және бақылау басқармасының басшысы Орал Абдрахманов биыл елімізде балалардың терезеден құлауының 21 дерегі тіркелгенін айтты. 

01.06.20 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

 Бүгін 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды және ол 1 тамызға дейін жалғасады. ҚР Білім және ғылыми министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, құжаттарды тапсырудың үш жолы бар.

01.06.20 Қазақстанда балалардың жазғы лагерьлері қашан ашылады?

ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина жаз мезгілінде балалар лагерьлері қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. 

01.06.20 Dragon кемесі ғарыш станциясымен сәтті түйісті

 Бүкіл әлем назар тіккен америкалық «СпейсЭкс» компаниясының «Драгон» ғарыш кемесі халықарлық ғарыш айлағымен сәтті түйісті. Америкалық ғарышкерлер Даг Херли мен Роберт Бенкен мінген кеме ғарыш айлағына еш қиындықсыз автоматты режимде қонды.

01.06.20 Еңбек министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетов өз еркімен қызметінен кетті

Тимуржан Нұрымбетов Жамбыл облысы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы өңірлік әкімдік мәлімдеді.