Өзін-өзі «ұрлаған» Әзербайжан азаматы ұсталды

07 тамыз, 19:29

Фото: polisia.kz

Алматы полициясы өзін өзі «ұрлап» ақша өндірмекке әрекеттенген Әзербайжан азаматын ұстады.

Алматы, NEGE. 37 жастағы Әзербайжан Республикасының азаматы бұған дейін Қазақстанға бірнеше рет келген. Соңғы рет келгенде туыстарымен алаяқтыққа баруға бел буған. «Ол өзін елге жеміс-жидек пен көкөніс жеткізушісі ретінде танысып жүрген. Нұр-Сұлтан қаласынан серіктес тапқан. Өзін өзі «ұрлағаннан» кейін бірінші болып нұр-сұлтандық серіктесіне байланысқа шыққан. Бірінші өзінің суретін, одан кейін талабын орындауды сұраған дыбыстық хабарлама жіберген. Олар кәсіпкерден 100 мың доллар көлемінде төлем сұраған. Ал кәсіпкер бірден полицияға хабарласқан. Нәтижесінде бұл төрт адамның актерлік ойыны екені анықталды. Олар 37 жастағы бас фигурантты отырғызып, киімін қанмен былғап суретке түсірген», - деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров. Полицейлер шетелдікті жалдамалы пәтерде жайбарақат отырған жерінен тапты. Сол жерде қойылымның «режиссерлері», «сценаристері» ұсталды. Алматы қаласының ПД тергеу басқармасы әрқайсысының әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шараларды қолдана отырып, құқықтық баға беретін болады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации