Өзің алдың ба, өзің қайтар: Қарағұсова көпбалы отбасылардың несиесін кешіруге қарсы

10 наурыз, 18:17

Фото: kaznews.kz

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова жағдайы төмен қазақастандықтардың несиесін жабу туралы бастамаға қарсылығын білдірді. 

Алматы, NEGE. Қарағұсованың айтуынша, бұл салық төлеушілерге қосымша ауыртпалық болып отыр, деп хабарлайды  Сaravan.kz. 

Былтыр ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жағдайы төмен отбасылардың несиесін кешіру туралы жарлығы қоғам тарапынан жақсы қолдау тапқан болатын.

Бүгін Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылған болатын. Осы отырысқа депутат Гүлжан Қарағұсова төрағалық етті.

«Мен өмірімде екі рет несие алдым. Оның біреуі - ипотека және екіншісі ақшалай несие. Бірақ бәрін мерзімінен бұрын төледім. Осыған өкінемін. Неге деп ойлайсыздар? Өйткені төлемегенде менің несиемді кешірер еді», - дейді депутат.

Оның айтуынша, аз қамтамасыз етілген азаматтардың қарыздарын өтеу кезінде Үкімет адалдықты ынталандырады.

«Елбасы үнемі салықты уақытылы төлеу керектігін айтып отырады. Себебі, бюджетте сіз бен біздің салық төлемдерінен басқа ақша жоқ. Елдің толықтай бюджеті - азаматтардың салығынан түсетін ақша. Соны «мемлекеттік бюджет» деп атаймыз»,- деді Гүлжан Қарағұсова.

Ол осы ретте 2007 жылдан бері ешкімнің несиесін де, қарызын да кешірмейтін АҚШ-ты мысалға келтірді. 

«Өзің алдың ба, өзің қайтар. Әйтпесе, олар біздің қалтамыздағы ақшамен күн көруге үйреніп қалған секілді. Біз Совет үкіметін 90%-ға дейін ұстап қалады деп жамандаушы едік, ал қазір бәрі тегін деп айтсақ болады. Біреу адал еңбек етіп, салық төлейді, ал біреулер болса... Мен мұндай саясатпен келіспеймін», - деді Қарағұсова. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации