Өтемұратов қоры 94 мың сынама тест жеткізіп берді

06 сәуір, 21:20

Фото: ria.ru

Болат Өтемұратовтың қоры елге коронавирусты анықтайтын 94 мың сынама тест әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына 47 мың данадан теңдей бөлінді. Аталған ұйым бұл үшін 200 миллион теңге бөлген. Қытайда шығарылған сынама тест адам ағзасында вирустың бар-жоғын небәрі 10 минуттың ішінде анықтайды. Тест Еуропа парламенттері мен Кеңесінің талаптарына сай. Енді сынаманы бірінші болып эпидемияның ортасында жүргендер тапсырады. Олар: медицина, құқық қорғау органдарының мамандары, тұмауға шалдыққандар, созылмалы ауруы бар адамдар, коронавирус анықталған азаматтармен байланыста болғандар және шетелдерден келгендер.

Міне, осы санаттағы азаматтар денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен медициналық көмек көрсету станцияларында, стационарларда, бақылау-өткізу бекеттерінде, мобильді бөлімшелерде және жедел жәрдем көліктерінде сынама тест тапсырады. Естеріңізде болса, Болат Өтемұратов бұған дейін «Біргеміз» қорына 1 миллион доллар аударған еді.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации