Өскеменнің дәрігерлері тиісті еңбекақыларын ала алмай жүр

22 мамыр, 20:48

Фото: 24.kz

 Екі айдан бері індетпен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлер тиісті еңбекақыларын ала алмай жүр, деп хабарлайды «Хабар 24». Өскемендегі жедел жәрдем станциясы қызметкерлерінің сәуір айындағы еңбегі дұрыс есептелмеген.

Алматы, NEGE. Салдарынан медициналық  мекемедегі мамандардың 30%-тен астамы қосымша ақысыз қалыпты. Бүгін дәрігерлер еңбекақыға қатысты есептеулердің қалай жүргізілгенін жауапты басшыларынан талап етті. Қосымша ақы төлеудегі ереженің ерекшеліктерін тілшіміз Олжас Керейхан да біліп көрді. Олжас Керейхан, тілші: - Облыстық жедел жәрдем станциясы қызметкерлері наурыз айынан бастап күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілген. Төрт аусым бойынша қазір бірнеше жүз маман жұмыс істейді. Дәрігерлер соңғы екі айда әрбір шақыруға тәуекел етіп барғандарын жасырмайды, Алайда, сәуір айында жалақыға қосымша төленген ақы көңілдерін көншітпей отыр. Тек дәрігерлер емес, көлік жүргізушілер де түсінбей жүр. Аслан Тоқмұрзинов, қалалық жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі: - Біреуге 20 мың, біреуге 28 мың. Біреуге 128 мың түсті. Мен мүлде алмағам. Коронавируспен ауырған науқаспен байланыста болған адамға бардым. «Карточка өткен жоқ» дейді. Сәуір айынан бастап қосымша ақы төлеу жүйесіне өзгертулер енгізілген. Әрбір бригада қанша шақыруға барды және қанша сағат жұмыс істегеніне байланысты есептеулер жүргізіліпті. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации