Өскеменде жол ережесін бұзған шенеунік жазаланды

15 тамыз, 15:30

Фото: ғаламтордан

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қол астындағы қызметкерінің жол ережесін бұзғаны үшін жазаға тартылғанын мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Кеше әлеуметтік желіде Өскемен тұрғыны жариялаған видео тарады. Видеода қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің автокөлігі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы тұрғын үйдің ауласындағы көліктердің жолын бөгеп тұрғандығы көрсетілген. Ал сол көлік тізгінінде аталған бөлім басшысы Еркін Тұраров болды», - деп жазды әкім Instagram -дағы парақшасында.

Қала басшысының айтуынша, ТҮКШ бөлімінің басшысы көлікті ауладағы тұрақтан шығарып, полицияның келуін күтті.

«Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ бөлім басшысына жол қозғалысы ережелерін бұзбау және мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау қажеттігі жайлы түсіндірілді», - дейді Жақсылық Омар.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации