Өскеменде ешкім вирус жұқтырмаған

19 наурыз, 10:35

Фото: instagram.com

Өскемен қаласындағы коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған штаб өкілдері тұрғындарды әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратқа сенбеуге шақырды. 

Алматы, NEGE. Кешелі бері әлеуметтік желілерде «Өскеменге Мәскеуден келген 3 адамнан коронавирус анықталды» деген ақпарат тарап кеткен.

«Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Қазір ШҚО-да бір де бір коронавирус жұқтыру фактісі тіркелмеген. Ел арасында жалған ақпарат таратқандардың заңға сәйкес жазаға тартылатынын ескертеміз», – деп хабарлады штаб өкілдері.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации