Өскеменде азық-түлік қоры жеткілікті

13 наурыз, 16:40

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар шаһарда азық-түлік қорының жеткілікті екенін айтты.

Алматы, NEGE. Соңғы күндері қала тұрғындары жаппай азық-түлік сатып алуда. Дүйім жұрт тауарлардың жетпей қалады және баға қымбаттап кетеді деп алаңдаулы. Осы орайда қала әкімі халықты сабырға шақырды.

«Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашевтың төрағалық етуімен бұл мәселеге орай жиын өтті. Оған қаладағы барлық сауда орталықтары мен базар басшылары қатысқан. Жиын барысында азық-түлік қорының жеткілікті және бағаның тұрақты екені айтылды. Сондықтан тұрғындарды даурықпауға шақырамын», –  дейді Жақсылық Мұқашұлы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации