«ОПГ-шник» сот пен прокурордың жайы не болды? news video

21 мамыр, 13:12

Естеріңізде болса, карантин күйіп тұрған кезде Алматы облысында аудандық сот пен аудандық прокурор «ішіп-жейміз, саунаға түсеміз» деп басы дауға қалған.

Болат Жазылбеков деген кәсіпкер Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев пен Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Дінмұхамед Сейітовті Сарыөзектегі саунасына шақырып қонақ қылып, видеосы әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен еді.

Б.Шалғымбаев

Кейін кәсіпкер Болат Шалғымбаев видеоға қатысты «ОПГ деген – объединенная пивная группа» деп ақталды. Бірақ мұнысына жұрт сенген жоқ.

С.Шалғымбаев

Д.Сейітов

Nege.kz редакциясына хабарласқан тұрақты оқырманымыз осы іске қатысты көпшілік біле бермейтін біраз жайтты жеткізді.

«Видеодағы басты кейіпкерлердің бірі – Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев қызметінен кетті. Шалғымбаев – Бас прокурордың орынбасары, Әскери бас прокурор болған Ерғали Мерзадиновтың күйеубаласы. Мерзадинов қазір Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры. Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д.Сейітовтің ісі бойынша тексеру «судья этикасы бұзылғанын» анықтады. Енді судьяның мәселесін Жоғарғы сот кеңесі шешеді», – деді оқырманымыз.

22 қаңтарда Nege.kz порталында Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы Алтынбек Баяновтың парамен ұсталғанын жазғанбыз.

Оқырманымыздың айтуынша, осы аптаның басында А.Баяновтың соты басталды. Бұл сот процесінің бір фигуранты судья Дінмұхамед Сейітовтің әкесі Зұлпыхар Сейітов екен. З.Сейітов бұл істе делдал болған көрінеді. З.Сейітовтың қызы да сот саласында жұмыс істейді. Ендеше, бұл іс судьяның қызметтен кетуімен ғана аяқталмауы мүмкін...        

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации