Оңтүстікте Мароккалық шегірткенің таралу ошақтары анықталды

21 мамыр, 20:15

Фото: kaztag.kz

Қазақстанның оңтүстігінде Мароккалық шегірткенің алғашқы таралу ошақтары анықталды, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Қазақстанда Мароккалық шегірткенің алғашқы таралу ошақтары анықталды. (…)Алғашқы қорғау іс-шаралары республиканың оңтүстік аймақтарында 10 сәуірден басталды. Түркістан және Жамбыл облыстарында Марокко шегірткесі 143 мың га алаңда анықталды. Қазіргі уақытта зиянкестер қоныстанған алаңның 67% - дан астамы өңделді», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Ведомствода атап өткендей, басқа аймақтарда шегіртке зиянкестерінің таралу ошақтарының анықталуына байланысты химиялық өңдеу жұмыстары басталады.
«Көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтарда бірлескен зерттеулер жүргізіледі. Бұл туралы ҚР АШМ мамандары РФ, Қытай және Өзбекстаннан келген әріптестерімен алдын ала келісімге келді», - делінген хабарда.
Бұған дейін айтылғандай, 2020 жылы республикада үйірлі және сая шегіртке зиянкестері 824 мың гектарға таралуы күтілуде.
«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өткен жылдан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен күрес жөніндегі іс-шараларға ауқымды дайындық жүргізді. Атап айтқанда, республикалық және жергілікті бюджеттерден 1,5 миллиард теңге бөлінді, оларға пестицидтердің әр түрлі топтарының препараттары, сондай-ақ болжанатын барлық алаңға химиялық өңдеу жұмыстары бойынша қызметтер сатып алынды», - делінген хабарда.
АШМ баспасөз қызметі хабарлағандай, АШМ мамандары шегіртке зиянкестерінің ошақтарын GPS навигаторлар мен трекерлердің көмегімен іздеу барысында республика бойынша шамамен 40 млн га жер көлемін зерттеу жоспарланғанын атап өтті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации