Оңтүстік Кореядан келген 100 адам оқшауланды

06 наурыз, 10:37

Фото: nege.kz

Кеше Оңтүстік Кореядан келген 100 жолаушының карантинге жатқызылғаны белгілі болды. Бұл туралы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Алматы, NEGE. «Бұл – стационар. Сеулден келген қазақстандықтар мен өзге елдің азаматтары карантинге жатқызылады. Олар аман-сау. Қала әкімінің аймақтық штабы олардың қауіпті аймақтан келгенін ескеріп, 14 күнге карантинге жатқызу туралы шешім қабылдады», – деді Тілеухан Шілдебайұлы.

Сеулден ұшып келген 100 адамның 93-і – Қазақстан азаматы, қалған жетеуі шетел азаматтары екен.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации