Өмірлік жаза сұрады

17 ақпан, 15:42

Фото: tengrinews.kz

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне себепкер болған браконьерлердің ісіне қатысты сотта айыптаушы күдіктілерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Алматы, NEGE. Прокурор Қуаныш Жексенбаев қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтірген күдіктілер Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдековті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұлардан бөлек, Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасқан Мырзабаев, Айдос Әкімовті алты жылға соттап, әрқайсысына 30 АЕК көлемінде айыппұл салуды ұсынды.

Естеріңізге салайық, өткен жылдың қаңтар айында күдіктілер Қарағанды облысының аумағында 17 киік атып, ізіне түскен қорықшыларды соққыға жыққан-ды. Соның салдарынан қорықшы Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации