Оқушылар сарайы күрделі жөндеуден өтеді

19 ақпан, 13:08

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Halyk Arena көпсалалы спорт кешенінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен кездесуі өтуде.

Алматы, NEGE. Тұрғындарды қала тірлігінің бей-жай қалдырмайтынын сұрақтардың толассыз қойылуынан байқауға болады. Қала басшысы барлық сауалдарға жауап бере отырып, аудан әкімдеріне тапсырма беріп отырды. Әлеуметтік саланы қамтитын сұрақтар қатарында қаламызға жаңа қосылған Наурызбай ауданында халық санынының артуына байланысты балаларға арналған Оқушылар үйінің жоқтығы айтылды. 

Қала әкімі аталған ауданда биылғы жылы жаңа үлгідегі Оқушылар үйі салынатын жер белгіленіп, жоба жасалғанын айтып өтті. Оқушылар үйі биылғы жылы құрылыс жұмысын бастайтын болады. 

Сондай-ақ, шаһар басшысы биылғы жылы қаладағы негізі 1983 жылы қаланған Республикалық Оқушылар сарайы күрделі жөндеуден өтетінін айтып өтті. Оқушылар сарайын жөндеуден өткізгенде тұрғындармен ақылдаса отырып, қандай үйірмелер ашылып, қандай құрал-жабдықтармен қамтылатыны шешілетін болады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации