Оқушылар демалысқа 16 наурыздан шығады, балабақша ше?

12 наурыз, 12:37

Фото: zakon.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және басқа да жауапты тұлғалар брифинг өткізіп жатыр.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушылары үшінші тоқсандық демалысқа 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында шығатынын айтты. Оның сөзінше, балабақшалар әзірге қалыпты жұмыс істей береді. Егер елімізде коронавирус анықталса, қандай да бір шаралар қабылданады. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации