Оқушылар енді «Роллтон» жей ме?

12 наурыз, 17:22

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Еліміздің мектептерінде бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Ал бұл міндет 2019 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдарға, яғни әкімшілікке жүктелген.

Алматы, NEGE. Бұған дейін әр мектеп арнайы жеткізушілермен өздері келісім-шарт жасасатын. Заң бойынша, ыстық тамақпен бастауыш сынып оқушылары және көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары қамтамасыз етіледі.  

Бүгін pkzsk.info сайты қала мектептеріндегі оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша өткен Петропавл қаласы әкімдігінің тендерін «Роллтон» ЖШС жеңіп алғанын жариялады. Тендер сомасы 97 млн теңге немесе бір оқушыға күніне 338 теңгеден жұмсалады.

Петропавл қаласының Білім басқармасы басшысы Әлия Түренова тендер нәтижесі бойынша қандай да бір түсінік беруден бас тартқан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации