Нұр-Сұлтанға Сеулден 178 жолаушы келді

06 наурыз, 18:36

Фото: informburo.kz

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына Сеулден бортында 178 жолаушысы бар ұшақ қонды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Бүгін елорданың әуежайына Сеул – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын борт келіп келіп қонды. Барлығы 178 адам. Оның 85-і – транзиттік жолаушылар. Анығында 31 адам Ресейден, 51 адам Өзбекстаннан, 3 жолаушы Грузиядан. Қазақстандықтардың саны – 93. Бұлардың арасында екі сәби бар. Барлығы да Нұр-Сұлтан қалалысынадағы көпсалалы медициналық орталыққа 14 күнге жатқызылады», – деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Транзитпен қайта ұшып кететіндер әуежайдан шықпайды. Бұл туралы Ахметшәріп былай деді: «Олар ел аумағына кірмейді, өз рейстерімен отандарына ұшып кетеді».

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации